Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан дзюдодан аралас командалық жарыста қазақстандық дзюдошылар финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жансай Смағұлов (73 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Зере Бектасқызы (70 келі) жартылай финалда Өзбекстан командасын 4:3 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан аралас командасы финалға шықты. Ақтық сында олар Жапония-Қытай жұбының жеңімпазымен кездеседі.