Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азиадада сәтті өнер көрсетті.

34 жастағы тәжірибелі спортшы 78 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін Моңғолия дзюдошысымен кездескен. Исанова иппон әдісімен жеңіске жетіп, қола медаль иеленді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Исановадан бөлек тағы үш дзюдошымыз ел қоржынына медаль алып келді – 1 алтын (Дидар Хамза) және екі қола (Елдос Жұмаханов, Галбадрах Отгонцэцэг).