Ресейлік Юлия Куценконың промоутері, аты аңызға айналған боксшы кіші Рой Джонс қазақстандық боксшы Фируза Шәріповамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Рой Джонс Шәріповаға қарсы жекпе-жекте Куценко ерекше сақ болуы тиіс екендігін есертеді.

«Юлия осы кездесуге жақсы дайындалды деп ойлаймын. Алда оны қиын кездесу күтіп тұр, өйткені Фируза мықты әрі белсенді чемпион, ол көп соққы береді. Юлия ақылмен бокстасуы керек. Куценконың жеңіске жету мүмкіндігі жеткілікті деп санаймын, егер ол өзін жақсы қырынан көрсете алса, жеңіске жетуі де мүмкін», - дейді Рой Джонс.

Еске сала кетейік, кәсіпқой бокста екі салмақ санаты бойынша бірқатар чемпиондық белбеулердің иесі Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Куценкомен 8 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласында кездеседі.