Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Азия ойындарында жарыс жолынан шығып қалды.

49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда филиппиндік Паалам Карломен қолғап түйістірген. Жүсіпов қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Осылайша, Азиадаға аттанған он боксшымыздың алтауы жарыстан шығып қалды.