Алматыда өткен «Профи файт» джиу-джитсу жекпе-жегі бойынша II Азия ашық чемпионатында Қазақстан спортшылары 12 алтын медальдің 11-ін ұтып алды.

Халықаралық джиу-джитсу комбат федерациясы (ХДДКФ) және Ұлттық федерация ұйымдастырған «Профи-Файт» джиу-джитсу кәсіби спорттық жекпе-жек жарыстарына 10 елден - Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Түркіменстан, Түркия, Нигерия, Алжир және Ираннан 120 спортшы қатысты.

Сонымен қыздар арасында алтынды Айжан Көккөзова (50 келі), Альбина Жақұпова (55 келі), Айдана Тойлыбекова (62 келі), Ақжарқын Байтұрбаева (70 келі), Алмагүл Кашина (70 келіден жоғары); ерлер арасында - Руслан Тезекбаев (57 келі), Қасым Әнуарбек (62 келі), Темірлан Айсәділов (69 келі), Қанат Жақыпбаев (76 келі), Нұрлан Тілеумбетов (84 келі), Сергей Ищук (92 келіден жоғары) жеңіп алды. Және жоғары сынамалы бір медальді Түркіменстаннан келген Сердар Қажымұратов (92 келі) жеңіп алды.