Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі матчта жеңіліп қалды.

Қазақстандық волейболшылар бүгін Вьетнаммен кездескен. Алғашқы екі партияда жеңіске жеткен Қазақстан кейінгі үш партияда ұтылып қалды. Есеп – 2:3 (25:20, 25:19, 27:29, 19:25, 7:15).

Бірақ бұл жеңіліске қарамастан қазақстандық волейболшылар қыздар топтан екінші орынмен шықты. Ширек финалда Қазақстан жапондармен кездеседі.