Азиада-2018. Қазақстан волейболшылары топтан екінші орынмен шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызВолейболдан Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі матчта жеңіліп қалды.
Қазақстандық волейболшылар бүгін Вьетнаммен кездескен. Алғашқы екі партияда жеңіске жеткен Қазақстан кейінгі үш партияда ұтылып қалды. Есеп – 2:3 (25:20, 25:19, 27:29, 19:25, 7:15).
Бірақ бұл жеңіліске қарамастан қазақстандық волейболшылар қыздар топтан екінші орынмен шықты. Ширек финалда Қазақстан жапондармен кездеседі.