Ұлттық құраманың ойындарына байланысты Қазақстан чемпионатында үзіліс болуы себепті «Ақтөбе» ойыншылары мен бапкерлік штабы қысқа мерзімді демалысқа шықты, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Команда қалаға 6 қыркүйекте жиналып, маусымның қалған ойындарына дайындықты бастап кетеді.