«Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола мен «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Маркос Пиззеллиді Премьер-лиганың 24-ші тур ойындары басталу алдында Қазақстан кәсіби футбол лигасы арнайы марапаттады, деп жазады prosports.kz.

Эсеола шілде айының үздік ойыншысы деп танылса, Пиззелли өткен айдағы ең үздік голдың авторы атанды.