Синхронды жүзуден Екатерина және Александра Немич жұбы техникалық бағдарламаны үшінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Апалы-сіңлілі Екатерина мен Александра іріктеу айналымында 84.7178 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Бұл финалға өту үшін жеткілікті ұпай.

Бірінші және екінші орынды Қытай мен Жапония спортшылары бөлісуде.

Финалдық сайыс ертең өтеді.