Азия ойындарында жеңіл атлеттер додасы жалғасын тапты. Бүгін жарыс жолына шыққан Маргарита Мукашева іріктеуден сүрінбей өтті, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

800 метрге жүгіруден ел намысын қорғайтын Маргарита Мукашева іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтады. Оның уақыт көрсеткіші – 2:04.52.

Іріктеу айналымынан соң Бахрейн және Жапония спортшылары алда тұр.