Григорий Бабаян: «Заңды түрде жеңіске жеттік»

Григорий Бабаян: «Заңды түрде жеңіске жеттік»

«Астана» - «Қызыл-Жар СҚ»(3:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасы бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп жазады елордалық клубтың баспасөз қызметі.

- Ойынның алғашқы таймында өте жинақы ойын көрсетіп, заңды түрде қажетті голдарды соға алдық. Ал екінші таймда, нәтиже біздің жағымызда болғандықтан, барынша өзімізге тән ойын үлгісін көрсетуге тырыстық. Бірінші кезекте көптен бері алаңға шықпаған ойыншыларға аздап қиындау болды. Біз чемпионаттағы соңғы ойынымызды 4 тамыз күні «Ақтөбеге» қарсы өткіздік. 20-22 күн деген өте көп уақыт. Еурокубоктерде алаңға шықпаған жігіттерге, бүгінгі ойында өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Жалпы алғанда, заңда түрде жеңіске жеттік.

- Бүгін Бактиер Зайнутдинов өзіне үйреншікті емес, сол қапталдағы қорғаушының міндетін атқарды. Оның қорғаныстағы ойынына қандай баға бересіз?

- Ол бұл позицияда осыған дейін бірнеше ойын өткізді. Оған дейін оқу-жаттығу жиынында мәскеулік «Спартакқа» қарсы кездесуде дәл осы позицияда ойнаған болатын. Бактиер – алаңның кез-келген бөлігінде ойнауға қауқарлы, жан-жақты футболшы. Оған қазіргі уақытта бірінші кезекте ойын тәжірибесі қажет. Бактиердің қорғаныстағы ойынына ешқандай сын таға алмаймын.

- Бүгін команда шабуылшысы Алексей Щеткин хет-трик авторы атанды. Алексейдің жарқын ойынын немен байланыстыруға болады.

- Алексейде шабуылшыға тән – жылдамдық, дриблинг, баспен ойнау сияқты барлық мүмкіндік бар. Тек қана аздаған сенімділік жетіспейді. Бүгінгідей ойында көрсеткен нәтижесі, оның алдағы уақыттағы өзіне деген сенімділігін арттырады.

- Дәл қазіргі уақытта Сіз бас бапкердің уақытша міндетін атқарып келесіз. Маусым соңына дейін бас бапкердің міндетін атқарам деген арманыңыз бар ма?

- Менің ойымша кез-келген бапкер «бас бапкер» болуды армандайды, әсіресе «Астана» сияқты клубтың. Ал маусым соңына дейінгі жоспар туралы айтар болсам, барлығы клуб басшылығына, ойын нәтижесіне және Роман Иосиповичтің қашан оралатындығына тікелей байланысты. Бұл сұрақ маған емес, клуб басшылығына бағытталуы тиіс.

- Бүгін Марин Аничич жарақатынан кейін алғаш рет алаңға шықты. Ол АПОЭЛге қарсы кездесуге қаншалықты дайын?

- Дәл қазір дөп басып айту өте қиын. Ол бүгін алғаш рет жарақатынан кейін алаңға шықты. Біз алдын ала жоспарлағандай, ол алаңда 65-70 минут өткізді. Марин өзін өте жақсы сезінді. Біздің кипрліктерге қарсы ойынға дейін, бірнеше күн уақытымыз бар. Оған қоса, команда құрамында Мариннен бөлек, бұл позицияда ойнай алатын Юрий Логвиненко, Сергей Малый және Евгений Постников сияқты қорғаушылар бар. Олар да жоғары деңгейде ойын көрсетуге дайын.

- Бүгін алаңға шыққан жас ойыншылар Сағнаев пен Прококпенконың ойынына қандай баға бересіз?

- Олар екінші жыл қатарынан негізгі құраммен бірге дайындық жұмыстарын жасап, аз да болса ойын тәжірибесіне ие болып жатыр. Олардың болашағы өте зор. Қазақстанда бұлар жас ойыншы болып саналғанымен, еуропада керісінше. Дегенмен, барлығы өздеріне тікелей байланысты. Егер олар барынша дайындалып, алға жылжитын болса, Қазақстан футболының болашағына айналары сөзсіз. Біз олардың дамуына барынша көмектесетін боламыз.

- Бүгін алаңға шыққан ойыншылардың қайсысы АПОЭЛмен кездесуде алаңға шығуы мүмкін.

- Бүгін алаңға шыққан барлық ойыншының, АПОЭЛмен ойынға алаңға шығатын мүмкіндігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или