Қазақстандық Александр Меркель өнер көрсететін «Хераклес» (Нидерланд) клубы өз алаңында ойсырай ұтылды.

Эредивизидің кезекті турында «Виллем ІІ» командасын қабылдаған «Хераклес» жауапсыз 5 доп жіберіп алды.

«Хераклес» - «Виллем ІІ» 0:5

Голдар: Фран Соль (34, 52, 70), Донис Авидяй (26, 29).

Бұл кездесуде қазақстандық негізгі құрамда алаңға шығып, жасыл алаңда толық 90 минут өткізді.

Александр Меркель жазғы трансферлік терезеде голландиялық команда сапын еркін агент ретінде толықтырған болатын.