Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) «Гранаткин мемориалы» турниріне дайындық аясында Талғар қаласында жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Оқу-жаттығу жиыны 21 тамыздан 27 тамызға дейін жалғасады. Кеше жасөспірімдер құрамасының ойыншылары «Жас қыран», «Еңбек», «Жастар» және СДЮШОР футбол орталықтарының балаларына шеберлік сабағын өткізді.

Бас бапкер Кузнецовтың кеңейтілген тізіміне 29 ойыншы кірді:

Қақпашылар: Владислав Саенко («Астана»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Совет Сағи, Жантөре Жұмаділов (екеуі де - «Астана»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Дәуренбек Жүсіпов (Академия «Оңтүстік»), Аслудин Хаджиев («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Вадим Афанасенко («ОСДЮШОР - Жас Ұлан»), Арман Кеңесов, Денис Красноперов (екеуі де - «Ертіс»), Федор Неумывакин, Арыстан Мұқашев, Андрей Ульшин (барлығы - «Қайрат»), Бекзат Құрманбекұлы («Байконур»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Лев Скворцов («Астана»), Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев (барлығы - «Астана»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»);

Шабуылшылар: Аян Құлмаганбетов («Байқоңыр»), Максим Ваганов («Ордабасы»), Савелий Глазунов («Қайрат»), Дамир Марат («Рузаевка»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Кузнецов - аға жаттықтырушы, Игорь Маштаков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ғалилбай Ахметов - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Владимир Горячий - администратор, Дінмұхамед Оралов - менеджер.

28 тамызда U-19 жасөспірімдер құрамасы «Гранаткин мемориалы» халықаралық турниріне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшатын болады.