«Ертіс» командасының қорғаушысы Руслан Есімов Премьер лиганың 24-ші туры аясында өтетін «Шахтерге» қарсы матчқа қатыса алмайды.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Жетісуға» (2:0) қарсы ойында қызыл қағаз алғаны болып отыр.

28 жастағы футболшы биыл 22 ойынға қатысты.