Теннистен қазақстандық жұп миксте жартылай финалда Таиландтан ұтылып, қола медаль иеленді.

Қазақстандық миксшілер Александр Недовесов пен Анна Данилина алғашқы сетте жеңіске жеткен.

Алайда екінші сет пен чемпиондық тай-брейкте қарсыласына жол берді – 6:4, 3:6, 10:12.

Айта кетейік, бүгін Айнитдинова пен Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында қола медаль ұтып алған. Кейін Недовесов пен Евсеев күміс жүлдеге қол жеткізді.