Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Азия ойындарында күміске қол жеткізді.

Ерлер арасындағы сында жұптасып өнер көрсеткен теннисшілеріміз финалда үндістандық спортшыларға есе жіберді.

Рохан Бопанна мен Дивиж Шаран жұбы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл біздің теннисшілердің Азия ойындарындағы екінші медалі. Бүгін Данилина/Айнитдинова жұбы қола жүлдеген атанған еді.