Жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда Данилина/Айнитдинова жұбы Тайпей спортшыларынан 0:2 есебімен ұтылды.

Осылайша, теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алды.

Бүгін Бублик/Евсеев жұбы Азиаданың алтынына таласатын болады. Біздің спортшылардың финалдағы қарсыласы - Үндістан командасы.