Қазақстандық теннисшлер Александр Бублик пен Денис Евсеев Азия ойындарының жұптық бәсекесінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жартылай финалда Бублик - Евсеев жұбы жапониялық спортшылар Йосуке Ватануке мен Уя Итоны 6:4, 6:7 (4:7), 10:7 есебімен жеңді.

Ал финалда Индия теннисшілері Рохан Бопанна мен Дивидж Шаран жұбымен кездеседі.