Теннистен Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова жұбы Азия ойындарының жартылай финалына өтті.

Жұптық сында жерлестеріміз қытайлық қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді (2:6, 6:3, 10:5).

Жартылай финалда Данилина мен Айнитдинова Тайвань елінің өкілдерімен кездеседі. Теннисшілер финал жолдамасына таласады.

Сондай-ақ, Недовесов пен Данилина жұбы турнирдің бірінші нөмірі саналған жапондарды 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Теннис ережесі бойынша, жартылай финалда жеңілген команда қола жүлдегер атанады.