Бүгін Джартадағы Азия ойындарында былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі басталады.

Шаршы алаңға алғаш болып 52 келідегі Азат Махметов, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов және 57 келідегі Сәния Сұлтанқызы шығады.

Азат Махметов алғашқы айналымда Біріккен Араб Әмірлігінің өкілімен кездеседі.

Асланбек Шымбергеновтің қарсылас - индонезиялық боксшы.

Ал Сәния Сұлтанқызы шри-ланкалық спортшымен кім мықтыны анықтайды.

Боксшылар додасы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.