Грозныйда Шешенстан Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Кадыровты еске алуға арналған 10-шы халықаралық бокс турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Василий Левит барлық қарсыластарын жеңіп, өз салмағында топ жарды.

91 келі салмақ дәрежесінде бокстасатын Василий жартылай финалда ресейлік боксшы Сайхан Бакаев, Финалда тағы бір ресейлік Шамиль Мансуровты жеңді.