Аргентина ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Лионель Скалони Мессиді құрама сапына шақырмады.

Гватемала (7 қыркүйек) мен Колумбияға (12 қыркүйек) қарсы болатын жолдастық кездесулерге «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси шақырылмады. Онымен қоса, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария, Гонсало Игуаин де тізімде жоқ болып шықты.

Шақырылған ойыншылардың толықтай тізімі мынадай:

Қақпашылар: Ромеро, Рулли, Армани;

Қорғаушылар: Меркадо, Агуна, Мори, Пецелла, Салвио, Тальяфико, Каннеманн, Франко, Пласидо, Бустос;

Жартылай қорғаушылар: Меца, Варгас, Церви, Васкес, Ло Чельсо, Паредес, Аскасибар, Батталья, Паласиос, Г. Мартинез;

Шабуылшылар: Павон, Корреа, Л. Мартинез, Икарди, Симеоне, Дибала.