Мадридтің «Реалы» «ПСЖ-ның» шабуылшысы Неймарға сатып алуға дайындалуда, деп хабарлайды Worldcup.com.ua порталына сілтеме берген Prosports.kz.

The sun басылымының мәліметінше, қымбат трансфердің пайда болуына басты себеп - «Реалдың» УЕФА Суперкубогі жолындағы кездесудегі «Атлетикоға» жеңілісі (2:4).

Ақпаратқа сай, Флорентино Перес «Ювентуске» ауысып кеткен Криштиану Роналдудың орнына шұғыл түрде мықты шабуылшыларды қарастыруда.

Корольдік клубте ойнауға бразилиялықтың өзі де қарсы емес.