Денис Теннің өліміне қатысты 22 жастағы күдікті Жанар Толыбаеваның бұған дейін көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылғаны анықталды деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Бойжеткен ағымдағы жылдың сәуірінде Қордайда тәртіп сақшыларына ұсталған. Оның ісін Жамбыл облысы Қордай аудандық соты қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жетінші сәуір күні түнде полицейлер Толыбаеваны мас күйде көлік айдаған сәтінде құрықтаған.

Ол сот отырысында өз кінәсін мойындайды. Нәтижесінде сот Жанар Толыбаеваны жүргізуші куәлігінен үш жылға айыруды ұйғарған.