Оқыстан қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Youtube-тегі арнасы ашылды, онда қазірдің өзінде бірнеше жан тебірентерлік архивтегі видео жарияланды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Бірегей кадрлар Денистің мұзда өнер көрсеткен сәтін еске түсіруге, сондай-ақ спортшының бала күнінде сырғанауды қалай үйренгенін көруге мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Денистің анасы Оксана Тен трагедия болған жерде ескерткіш орнатуға қатысты жоспарын айтқан еді. Сонымен қатар, чемпионның үйінде естелік тақта орнатылады деп жоспарлануда, кітапқа материалдар дайындалып жатыр.