Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Көш бастап тұрған үздік үштік мынадай: Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Слоан Стивенс (АҚШ).

Қазақстандық теннисші қыздар арасынан Юлия Путинцева 50-ші сатыны сақтап қалды. Ал Зарина Дияс 63-ші орынға жайғасты. Бұл екеуінен бөлек ТОП-100 ең жақын тұрған Елена Рыбакина үш саты төмендеп 192-ші қатардан көрінді.