Монреальдағы (Канада) турнирдің финалдық кездесуі румыниялық Симон Халеп пен америкалық Слоан Стивенс арасында өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Натижесінде әлемнің қазіргі бірінші ракеткасы Симон Халеп 7:6(8:6), 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Тағы бір айта кетерлігі, осыдан бұрын қос теннисші «Ролан Гарростың» финалында кездескен. Ол кезде де румын қызының жолы болған.