«Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында соңғы 15 жылдан бері жазғы трансферлік кезеңде ойыншы сатып алмаған алғашқы клуб атанды.

2003 жылдан бері АПЛ клубтары жазда тым болмаса бір ойыншы сатып алып келген. Биыл бұған «Тоттенхэм» нүкте қойды.

9 тамызда Англияда жазғы трансфер уақыты аяқталған болатын.

«Тоттенхэм» үшін бір маңыздысы, клуб жаңа ойыншылар сатып алмаса да, жетекші футболшыларын командада сақтап қалды.