Футболдан әлем чемпионатының аяқталғанына бір ай да өтіп үлгерген жоқ, ал Перу құрамасы келесі әлем чемпионатына дайындықты бастады.

Елдің футбол федерациясы бас бапкер Рикардо Гарекамен келісімшартты тағы 3 жылға ұзартты. Осылайша 60 жастағы аргентиналық маманның алдына бірнеше нақты міндет қойылып отыр. Оның ішінде 2019 жылғы Америка Кубогында сәтті өнер көрсету бар. Бұған қоса 2020 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алу керек. Егер осы жоспар ойдағыдай орындалса, келісім тағы да ұзартылады.

Айта кетейік, Рикардо Гарека 36 жылдық үзілістен кейін Перу құрамасын әлем чемпионатына алып шықты. Биыл олар Ресейде өткен байрақты бәсекеде бағын сынады. Бірақ топтық кезеңнен әрі аса алмады.