«Барселона» командасының бразилиялық жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо жаңа маусымда жетінші номерлі жейдемен өнер көрсететін болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Футболшы каталониялық клубқа биыл қыста «Ливерпулден» ауысып келген болатын. Жарым маусым 14-ші номерді киген Коутиньо жаңа маусымда 7-ші номер киюді жөн көрген екен.