Қуат Хамитов 31 тамызда Астанада аралас жекпе-жектен өтетін турнирде Давид Хачатрянға қарсы жекпе-жек өткізбейтін болды.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, кештің басты жекпе-жегі бұрын айтылғандай Қуат Хамитов пен Давид Хачатрян арасында өтпейтін болды. Тіпті, Найманның бұл турнирде жекпе-жек өткізу-өткізбеуі әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирді Tobet Fighting Championship пен Alash Pride FC промоушендері ұйымдастырып жатқанын, ал Fight Nights Global ұйымынан тек спортшылар қатысатынын жазған болатынбыз.