Тамыз айының 31-і күні Астана қаласында Fight Nights Global ұйымының турнирі өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда белгілі болғандай, аталмыш турнирдің ұйымдастыруын басқа ұйымдар мойнына алған.

Нақтылай кетсек, бұл турнирді өткізуге 3 бірдей ұйым атсалысады. Олар қазақстандық Tobet Fighting Championship пен Alash Pride FC және Fight Nights Global ұйымы.