Гимнастшы қыз Сабина Әшірбаева мен ауыратлет Владимир Седовтың допинг сынамаларынан тыйым салынған заттар табылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

2017 жылы сәуір мен маусым аралығында Әшірбаева допинг сынамаларын тапсырғаннан кейін оның қан құрамынан фуросемид, гидрохлортиазид және хлортиазид шыққан. Гимнасшы екі жылға спорттан шеттетілді.

Владимир Седовтың қанынан станозолол табылған еді. Ол 2024 жылдың 1 тамызына дейін спорттан шеттетілген.