Мұндай масштабтағы жарыстар оңтүстік астанада алғашқы рет өткізілді. Жарыстар аумағы жаңартылған және қайта құрылған Сайран көлінде болып өтті.

4 тамызда Sprint дистанциясында (жүзу 750м, велокезең 20км, жүгіру 5км) Азия Кубогы үшін әлемнің 14 елінен келген триатлеттер күреске түсті: Аустралия, Әзірбайжан, Бельгия, Венгрия, Гонконг, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Ресей, Сирия, Тайпей, Украина, Оңтүстік Корея, Жапония.

Бірінші болып әйелдер бастады (барлығы 16 спортшы, олардың ішінде 6 қазақстандық спортшы). Жүзу аяқталған сәттен бастап көшбасшылар анықталды – Жапониядан келген триатлеттер Нина Кишимото, Хираку Фукуока және оңтүстік кореялық спортшы Джи Ен Ким.

Дәл осы қыздар жүлделі орындарды өзара бөлісті: Нина Кишимото брінші болып шықты (01:00:38). Хираку Фукуока өзінің отандасынан тек үш секундқа ғана қалып қойғаны қызық болды! Жапондық қыздардан бір минуттан кем уақытқа оңтүстік кореялық атлет Джи Ен Ким қалып қойды – ол қола медалінің жүлдегері атанды. Қазақстандық Арина Шульгина Азия триатлонының ең атақты мектептері қатысушыларынан күші кем түсіп, жалпы есепте төртінші болып шықты. Қазақстандық Надежда Бекмаганбетова және Ашраф Камалова тиісінше, 9-шы және 10-шы орын алды.

Осыдан кейін ерлер спринтерлік жарысқа түсті (35 атлет). Және де мұнда велокезең кезінде озық топ анықталды, оның ішінде триатлон бойынша біздің ұлттық командамыздың мүшелері Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров де болды. Алайда мәрелік жүгіру кезені шетелдік триатлондарды алға шығарды. «Алтынға» Гонконг өкілі Оскар Коггинс ие болды (00:54:43). Коггинстен тек 7 секундқа ұтылып, украиналық Иван Иванов екінші болып жеңіс тұғырына көтерілді. 55 минут ішінде мәреге жетіп, Гонконгтың тағы бір өкілі Джейсон Тай Лонг жүлдегерлердің үштігіне кірді. Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров қорытынды хаттаманың бірінші ондығына кіріп, тиісінше, 9-шы және 10-шы орынға ие болды.