Ертең Астанада УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Қазақстанның «Астана» және Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубтары өзара кездеседі. Осы ойынның алдында бүгін «Динамо» клубының бас бапкері Ненад Белица баспасөз мәжілісін өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді.

— Біз әрқашан жақсы нәтиже жетуді күтеміз. Дегенмен, ол нәтижеге жету оңай болмасы анық. «Астана» - өте мықты команда. Алайда, біз өзіміздің келесі кезеңге өтетінімізге сенімдіміз.

— Команданың барлық ойыншылары ертеңгі кездесуге дайын ба?

— Иә, барлығы толық құрамды. Ариян Адеми да келді. Барлығы ертеңгі кездесуге сақадай сай дайын.

— Қарсыласпен жолыңыз болды деп ойлайсыз ба?

— Мен олай айтпаған болар едім. «Астана» - өте тәжірибелі команда. Олар алаңда өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Дегенмен, біз өз күшімізге сенеміз. Егер біз Мадридте «Реалға» қарсы ойнайтын болсақ, ол кезде де өз командамның жеңісіне сенген болар едім.

— «Астана» Данияның командасын қапы қалдырған кезде, Сізде таңданыс болды ма?

— «Астана» екі ойында да мықты болды. Мен өз басым Даниядағы кездесуді арнайы барып тамашаладым. Қазақстандық команда лайықты түрде келесі кезеңге жолдама алды.

— Хорватия құрамасының Әлем чемпионатындағы жетістігі «Динамоға» қосымша күш берді дей аласыз ба?

— Сөзсіз. Біздің ойыншымыз Доминик Ливакович Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Ол ұлттық құрамадағы атмосферамен командаға арнайы келіп әз әсерімен бөлісті. Жалпы алғанда, Хорватия құрамасының бұл жетістігі біздің елдің адамдарына ерекше қуаныш сыйлады.

— Чемпиондар Лигасында біраздан бері жеңілмей келе жатқан «Астананы» ұту үшін сіздерге не көмектеседі деп ойлайсыз?

— Біз өзіміздің талантымыз бен күшімізге сенеміз.

—Марин Томасов туралы не айтасыз?

— Ол өте мықты, ТОП ойыншы. Ол Хорватия чемпионатында өте жақсы деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті. Оның Хорватияны осылай сыртта танытып жатқандығына қуаныштымын.

— Томасовқа Хорватия құрамасында өнер көрсету үшін не жетіспейді деп ойлайсыз?

— Менің ойымша оның жасының үлкендігі ғана. Алайда, құрама бас бапкері оны командаға шақыратын болса, ол лайықты деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, құрамаға көмектеседі деген ойдамын.