Швейцарияның Ньон қаласында 2018/2019 жылғы Еуропа Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі төртінші айналымының (плей-офф) жеребесі тартылды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аталған турнирде бақ сынап жатқан ел чемпионы - «Астана» командасы хорватиялық «Динамодан» өтсе жолы түйісетін команда белгілі болды.

Елордалықтар сәті түсіп келесі кезеңге жолдама алса «Янг Бойз» (Швейцария) клубымен кездеседі. Қос команданың қай жеңгені Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Алғашқы матч Швейцария, қарымта ойын Астанада өтеді.