«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Ақтөбеге» қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп жазады клубтың ресми сайты.

Елорда жанкүйерлері команданың жаңа шабуылшысы Рангело Янганың ақтөбеліктер қақпасына соққан голын бағалап, шабуылшыға өз дауыстарын берді.

Екінші орында клубтың жас тәрбиеленушісі Владислав Прокопенко. 18 жастағы жас шабуылшысы алаңда 90 минут өткізіп, қарсылас қақпасына қауіп төрдірумен болды.

Үздік үштікті Роман Муртазаев қорытындылады. Шабуыл шебіндегі бұл ойыншы Рангело Янгаға нәтижелі пас берген еді.

Дауыс беру бойынша үздік бестік: 1.Рангело Янга 33,6% 2.Владислав Прокопенко 12,93% 3.Роман Муртазаев 10,35% 4.Сұлтан Сағнаев 8,63% 5.Бактиер Зайнутдинов 7,94% Сауалнамаға 3 604 адам қатысты.