Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) ресми сайтында ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жектің 6 қазанда өтетіні ресми түрде жарияланды, - деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесу уақыты нақтыланғаннан кейін шетелдік букмекерлер бәс қабылдай бастады.

Букмекерлік кеңселердің пайымдауынша жекпе-жек фавориті - Нурмагомедов. Нақтырақ айтқанда, ресейліктің жеңісіне 1,48, ирландиялықтың жеңісіне 1.67 коэфицентімен бәс қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 келі) қос мықтының 6 қазан күні UFC 229 турнирі аясында Лас-Вегаста күш сынасатынын хабарлаған едік.