Шілде айының 30-ы сағат 12:00-де аула командалары арасында футболдан Almaty cup 2018 чемпионаты өтеді. Оған 8-ден 14 жасқа дейінгі кез келген балалар мен жасөспірімдер қатыса алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Жарыс 11 жастағы алматылық Ян Кузнецовтың бастамасы бойынша ұйымдастырылады. Ол осы жарысқа әр ауданда өтіп жатқан «Спорт менің ауламда» бағдарламасының қатысушыларын арнайы шақырды.