«Шахтер» ФК мен украиналық жартылай қорғаушы Александр Мигунов екі тараптың келісімі бойынша келісімшартты бұзды.

Естеріңізге салсақ, Мигунов «кеншілер» сапына маусым басында қосылған еді. Қарағандылық клубта 24 жастағы футболшы 15 матч өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жалпы алғанда «Шахтерде» алаңда 1231 минут ойнаған.