Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.

"Күдікті Құдайбергенов тексеріс кезінде қылмыс құралы - пышақтың қайда жасырылғанын айтып берді. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылған болатын. Көзбе-көз беттестірген кезде Нұрлан Қиясов Денис Тенді пышақтағанын мойындады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.