Таеквондодан ҚР кадеттер құрама командасының спортшылары «KOREA OPEN 2018» халықаралық турнирінде 3-алтын, 1-күміс, 1-қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz kaztkd.kz порталына сілтеме жасап.

1-орын: Тлеулес Тамирлан (33 кг), Құмартаева Айдана (41 кг), Әмірқұл Рахым (53 кг);

2-орын: Арапбай Арайлым (37 кг);

3-орын: Бакишева Рита (37 кг).