Еуролиганың екінші ойынында Қазақстан құрамасы Грекия құрамасының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

Ерлан Жамантаев шәкірттері топтық кезеңдегі екінші кездесуде Грекияны 4:0 есебімен жеңді. Ойында гол соққан футболшылар - Дмитрий Перевертов, Игорь Демешко, Виталий Тюльпа және Баянбек Муралинов.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын ертең, 22 шілде күні Литва құрамасына қарсы өткізеді.

Грекия - Қазақстан - 0:4 (0:3)

Голдар: Перевертов, Демешко, Тюльпа, Муралинов.

Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.

Төрешілер: Листратов, Иванов, Картман.

21.07.18. Мәскеу. «Янтарь» стадионы.