«Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында черногориялық «Сутьесканы» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіп, екі ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге шығып, 24 шілде күні Данияның ең үздік клубтарының бірі «Мидтьюлландқа» қарсы ойнайды.

Черногория чемпиондарына қарсы өткізген қарымта кездесуде гол соғып, нәтижелі пасымен көзге түскен Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы жанкүйерлер тарапынан 43,06% дауыс жинап, үздік атанды.

Екінші орында черногориялықтар қақпасына аталмыш кездесудегі елорда командасының алғашқы голын соққан Джордже Деспотович. Сербилық ойыншы гол соғатын сәтте қарсылас айып алаңынан әдемі соққы бағыттап, кездесудегі қаһармандардың біріне айналды.

Ал үздік үштікті Марин Томасов қорытындылады. Хорватиялық футболшы алаңда 90 минут бойы қарсылас команда қақпасына қауіп төндіріп, тіпті гол да соққан. Алайда, кездесудің бас төреші ойыннан тыс қалды деп ол голды есепке алған жоқ. Сауалнама бойынша үздік бестік:

1 Серікжан Мужиков 43,06%

2 Джордже Деспотович 23,3%

3 Марин Томасов 7,62%

4 Ненад Эрич 7,1%

5 Антонио Рукавина 6,07%

Дауыс беруге 3 674 қолданушы қатысты.