Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Денис Теннің жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Алматылықтар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдына таңғы сағат 7-ден бастап келе бастады. Мыңдаған адам атақты мәнерлеп сырғанаушыны еске алды. Әрі ел мақтанышына арнап гүл шоқтарын қойды.

Атақты боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелестен арнайы келіп, Денисті жерлеу рәсіміне қатысты. Ол жаттығуларын уақытша тоқтатқан.