Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақ салған, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл туралы блогер Әлішер Елікбаев Telegram желісіндегі парақшасында жазды: Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - делінген хабарламада.

Белгісіз біреулер спортшыға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында шабуыл жасаған. Қазір Денис Тен қалалық №12 ауруханада ауыр халде жатыр.