12-15 шілде күндері Қапшағайда қазіргі бессайыстан Қазақстанның ашық чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Қазақстанның жазғы ашық біріншілігіне Алматы, Астана, Тараз, Теміртау, Қапшағай, Қызылорда қалаларынан және Қырғызстан Таиландтан жалпы есебі 120 спортшы қатысты.

Ұлттық құраманың көшбасшылары Азия ойындарына дайындалуда, сол себепті, Қапшағайдағы чемпионатқа қатысқан жоқ.

Қазіргі бессайыс. Қазақстанның жазғы ашық чемпионаты. Ерлер:

1. Темірлан Айымбетов (Қырғызстан)

2. Евгений Малахов (Теміртау)

3. Эдуард Гербер (Алматы)

Қазіргі бессайыс. Қазақстанның жазғы ашық чемпионаты. Әйелдер:

1. Еркежан Сабырбайқызы (Алматы)

2. Сумалиф Ананьева (Алматы)

3. Людмила Яковлева (Алматы)

2000-2001 жылы туған жасөспірім ерлер:

1. Эдуард Гербер (Алматы)

2. Әділ Ибрагимов (Алматы)

3. Темірлан Әбдірайымов (Тараз)

2000-2001 жылы туған жасөспірім қыздар:

1. Людмила Яковлева

2. Ақбота Бекбасар

3. Дарья Кузьмина

1997-1999 жылы туған жасөспірім ерлер:

1. Евгений Малахов (Теміртау)

2. Эдуард Гербер (Алматы)

3. Константин Качура (Теміртау)

1997-1999 жылы туған жасөспірім қыздар

1. Еркежан Сабырбайқызы (Алматы)

2. Сумалиф Ананьева (Алматы)

3. Людмила Яковлева (Алматы)

Командалық есепте ерлер мен әйелдер арасында да Алматы қаласының спортшылары үздік шықты.