Белгілі беларусьтік боксшы Виталий Шкраба Солигорскіде өз үйінде өлі күйінде табылды.

Виталийдің кеудесінен пышақ табылды. Боксшыны үйінде анасы тауыпты. Солигорскілік мамандардың пікірінше, бұл суицид болуы мүмкін.

Шкраба кәсіпқой бокста Беларусь чемпионы болып, ресейлік Николай Валуевпен жұдырықтасқан болатын.