Британдық WorldBoxingNews.net порталы салмақ дәрежесінен тыс әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Украина боксшысы Василий Ломаченко әлі де көш бастап тұр. Америкалық Теренс Кроуфорд екінші орынға, ал Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, Головкиннің 15 қыркүйектегі қарсыласы Сауль «Канело» Альварес жаңартылған нұсқада жетінші орыннан он бесінші орынға түсіп кетті.

Алғашқы ондық мынадай тізімде:

1 (1). Василий Ломаченко (Украина)

2 (2). Теренс Кроуфорд (АҚШ)

3 (3). Геннадий Головкин (Казақстан)

4 (4). Майки Гарсия (АҚШ)

5 (22). Мэнни Пакьяо (Филиппин)

6 (5). Наоя Иноуэ (Жапония)

7 (6). Энтони Джошуа (Ұлыбритания)

8 (8). Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)

9 (9). Лео Санта Круз (Мексика)

10 (10). Ваенхонг Менайотин (Таиланд).